16.07.2021
154
Артқы өмір аңлауымда түс сияқты
Артқы өмір, аңлауымда, түс сияқты,
Алғы өмір қолға қонған құс сияқты.
Тілләға тірілікті балағанмен,
Болады бара-бара мыс сияқты.
Жігіттік жазды күнгі жайнаған гүл,
Қартаңдық - қатырған су қыс сияқты.
Қаратпай алды, артына әкететін,
Сұм өлім сумаңдаған күш сияқты.
Қалады қаметінде қаупі өлімнің,
Құрт түбін кеулеп қойған тіс сияқты.
Дүниенің опасызын ойлағанда,
Керексіз көрген дәуір іс сияқты.
Көп аса көзді жұмып кеуіп, іспей,
Күн бұрын болу керек "пыш" сияқты.
өмір өлім түс жастық қарттық Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері