16.07.2021
216
Маза жоқ майыңда да тұз болмаса
Маза жоқ майыңда да, тұз болмаса,
Көркеймес көңілің ұл мен қыз болмаса.
Алысқа, арып-ашпай, бара алмайсың,
Көнеден келе жатқан із болмаса.
Болмайды бас-аяғың тіпте бүтін,
Үйінде ине - созан, біз болмаса.
Еккенің өнбей қалып, өкіренсің,
Жерінде жаңбыр мен су, сыз болмаса.
Мұқтажың туысқаннан түгелденер,
Өкпелеп өкпе, бауырың мұз болмаса.
Туымды ер тоқсанда да толқымайды,
Жұттай-ақ жұртты құртқан жүз болмаса.
Қадірін қонған бақтың білмейді ешкім,
Тарығып, тартып мінажат, мыж болмаса.
маза тұз бақыт Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері