15.07.2021
218
Не көп?
Кей доста келісуден керісу көп,
Өсек пен өтірікке ерісу көп.
Көзге — дос, сыртыңнан — қас, іштен — араз,
Сылтау қып сәл нәрседен жерісу көп.
Есептеп бірін — онға, онын — жүзге,
Тірнектеп дау-жанжалды терісу көп.
Айналып бас жағы — өкпе, арт жағы — өртке,
Дұшпан боп, досын ұстап берісу көп.
Ұшқыннан өрт қашқандай ақырында,
Артында әлектенер елі шу боп.
Тентектей түстен кейін ес кіретін
Пайда не, өшіккенсің, жеңісу боп?!
дос қас керісу келісу Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы