15.07.2021
241
Абайды оқығанда
Артында атақты ердің қалса сөзі,
"Өлді" деп ойламаймын оның өзі.
Қисынсыз кедергінің керегі не,
"Базарлап" болғаннан соң қайтар кезі.
Ерлердің ертедегі өтіп кеткен
Әлі жүр халық аузында алтын тезі.
Абайдың айтқандарын оқығанда
Болады: "Бәрінің де бар, - деп, - көзі".
Өлген соң оған біз де "қауышармыз",
"Ұйықтасын" торқа болып киген бөзі.
Ойланып осы сөзге түсінгендер
Сүйінер сойдырғандай бағлан қозы.
Татауы қайбір кәптің тарқамайды,
Нәрсенің болмағандай қойған тозы.
Алғанмен, көрінбейді қолға бірақ
Асылдың қараңғыда ақ пен бозы.
1910
Абай оқу Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы