15.07.2021
176
"Бар" мен "Жоқ", "Ал" менен "Бер"
"Бар" мен "Жоқ", "Ал" менен "Бер" бірге туған,
"Ал" мен "Бар" ажал жетіп өлген удан.
"Жоқ" пен "Бер" жұрт біткенді жүр аралап
Жанына жолдас ертіп ылғи қудан.
"Жоқ-жоқ" деп жұрттан асқан байлар - дағы
Құтылар қолға түспей қалың дудан.
"Бер - бер" деп бір пара қу бойыңды ертіп,
Май алар ас қатықтық ұрттам судан.
Көзіңе кейпім күйкі көрінгенмен,
Құтқармас қуған аңын мен бір бұдан!
Дамолла Тұрмағамбет қолым қойдым,
Әулеті Кіші жүздің Кете рудан.
1906
бар мен жоқ ал мен бер Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы