15.07.2021
239
![](/uploads/shorttexts/author_image/turmagambet-iztileuov-1-454x480-2x.jpg)
Еңбегің ессізге еткен еш болады
Жаманға жақсы адам ақыл айтар,
Жақсыға жаман көзін ақырайтар.
"Тудым, - деп, - өзің туған мен де атадан"
Недәуір аузын керіп нақыл айтар.
Аңсызда алқымынан алса бері,
Көздерін "Қайтесің?" деп бақырайтар.
"Еңбегің ессізге еткен еш болад" - деп,
Дамолла Тұрмағамбет ақын айтар.
1905
еңбек жақсы жаман Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы