15.07.2021
205
Өнерден өнеді не өлім барда
Өнерден өнеді не өлім барда,
Үй түзеу ұнамайды көрің барда.
Қаңғуың, қойың бақпай — қолайсыз іс,
Аңдыған жан-жағыңнан бөрің барда.
Қысқа өмір қанша айтқанмен ұзамайды,
Түскенмен тоқсан түрлі форымдарға.
Нәтбесін нағып жүрсің, қайтар інім,
Опасыз ой жіберіп орындарға.
Алладан, асылында, ал сыйлауды,
Құрмасын құлшылықтың құрыңдар да.
Аңдыған жауларыңның желкесін қи,
Күтініп күні-түні тұрындар да.
Алып бақ азығын жан, алдынды ойлап,
Сағымға сұм дүниені жорыңдар да.
өнер өлім өмір Тұрмағамбет Ізтілеуұлы Тұрмағамбет Ізтілеуұлы өлеңдері Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығы