15.07.2021
  226


Құрбан айтқа тілектер

Құрметті шейх Әбсаттар қажы!
Сізді барша мұсылман қауымның ең ұлық мерекесі Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!
Барша мұсылман баласы үшін Жаратушымыз белгілеп берген екі мейрамның ұлығы – Құрбан айт мерекесі еліміздің бірлігін күшейтіп, бауырластықты арттыра түседі. Ұлттық мәдениетіміз бен салт-санамыздың өзегіне айналған, ата-бабамыздан келе жатқан дініміз тәуелсіз еліміздің бұдан ары қарайғы да рухани-мәдени жаңғыруының негізі бола береді деп сенемін.
Бүгін қасиетті мереке қарсаңында ұлық дініміз Исламды дамыту мен өркендету жолындағы қажырлы еңбегіңізге табыс тілеймін. Барлық ізгі тілек-ниеттеріңізді Алла тағала қабыл етсін!
Құрметпен,
Ғалымқайыр МҰТАНОВ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик





Пікір жазу