meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2021
  218


Автор: Нұржан Наушабаев

Мұқидаш-ай

Өлең айтқым келмейді ерінгеннен,
Бойым байсал тартады керілгеннен.
Көтеріңкі көңілім тарта бастар,
Қалқатайдың аулы көрінгеннен.
Мұқидаш-ай-хай,
Кеттің-ау, қалқа, ой, дүние-ай.

Анадайдан көрінген сенің көшің,
Қошқар мүйіз қолыңда білтегешің.
Кішкентайдан бірге өскен, қалқатайым,
Сеніменен өткізген айлы кешім.
Мұқидаш-ай-хай,
Сүйгенім, сәулем, ой, дүние-ай.

Айналайын қарағым көлбегейлім,
Салушы едің шығарып көлге дейін,
Мал бердім деп бір жаман алып кетті,
Қоспаған соң құдайым мен не дейін.
Мұқидаш-ай-хай,
Сүйгенім, сәулем, ой, дүние-ай.





Пікір жазу