14.07.2021
385
Жан сәулем
Жігітке өлең де өнер, өнер де өнер,
Жүйрік ат өрге салсаң өршеленер.
Барында қызылыңның күл де ойна,
Шамшырақ мың күн жанған бір күн сөнер.
Ақ үйге ат байладым жанастырып,
Жан сәулем, кеткенің бе адастырып.
Сөзің бал, лебізің шекер, қайран сәулем,
Шерменде қалып барам құса болып.
Өлеңді кім айтпайды ән шығарса,
Сұлуды кім алмайды мал шығарса.
Құдайға мен риза болар едім,
Кетсін деп сүйгенімен заң шығарса.