14.07.2021
  226


Автор: Айтқали Нәріков‎

Элегия

Сағаты жеткенде ажал, тоқырап па?
Тұрмады бұл жолы да тосып артқа.
Бір жұлдыз көк төсінен ағып түсіп,
Бір бұлақ сіңіп кетті топыраққа.
Іргеміз көрген жоқ-ты ажырасып,
Кездеспей кетсек бір күн, қадыр асып.
Екеуміз бір жыл туған төл едік-ау,
Өмірдің өрісінде жамырасып.
Батып тұр дос-жаранның ойы мұқта,
Кім шыдар бұл қайғының сойылына.
Тым ерте бір гүл өмір түсті үзіліп,
Тойымсыз қара жердің қойынына.





Пікір жазу