14.07.2021
153
Шабыт кетті...
Кірпіктерім ілінбестен жатырмын,
Ойлауменен тағы бір таң атырдым.
Бір зілдей жүк иығымнан басады,
Баданакөз сауытындай батырдың.
Қашан ғана бұл күйден мен арылам,
(Сенсем бе екен төзімімнің барына).
Бірақ мені ұят қысып жүрген жоқ,
Шаң қонбайды арымның ақ қарына.
Шабыт кетті, көптен бері «жаяумын»
Сол себептен көңілімде қаяу-мұң.
Жарқ етіп бір кіріп келсең қайтеді,
Өлең досым, құдіреттім, аяулым!