14.07.2021
147
Шабыт
Бір үн келіп бозінгендей боздаған,
Семіп қалған сезімімді қозғаған.
Туар жырдың хабаршысы екен ғой,
Өзегімді жарып шығар өз балам.
Тұла бойым тоқ соққандай дip eттi,
Қайда қоям алып-ұшқан жүректі?
Көптен бері алакөңіл жүр едім,
Жарылқаушым оңғарды сол тілекті.
Мекеніне асығатын құстардай,
Қанат байлап, өлең шіркін ұшқандай.
Бір тасқынның ағынына ілестім,
Енді мені тоқтатады күш қандай!
Шабыт келіп қалған кезде арынды,
Ұмытасың жаныңдағы жарыңды.
Қайтадан сен қалыбыңа түсесің,
Беріп болып бойыңдағы барыңды.