14.07.2021
  186


Автор: Айтқали Нәріков‎

Хат тасушы

Оған не жауынды күн, дауылды күн,
Жүргені шыр айналып ауылды мың.
Тынбайды жапқанынша соңғы есікті,
Сезбестен қоржынының ауырлығын.
Десек тe хат тасушы бар атағы,
Жолына барша жұртты қаратады.
Ерте-кеш дамыл көрмей құрбым менің,
Халқына жақсы хабар таратады.





Пікір жазу