14.07.2021
180
Түс екеш...
Қос жанар сурет түсіріп,
Көңілім бәрін қаттайды.
Ой - қазан өлең пісіріп,
Сарқылдап, тағат таппайды.
Беймаза осы ісіммен,
Өтеді уақыт ұрланып.
Түс екеш, достым, түсімде,
Жүремін ылғи жыр жазып.