14.07.2021
228
Түйін
Алдыңнан арайланса арман асыл,
Соған бір жету үшін қарманасың.
Талайдың осы жолда таңы атып,
Талайлар соғып жүр ғой жарға басын.
Бір жанып, үміт оты бір өшеді,
Асқақ ой бақыты үшін күреседі.
Біреуді сүріндіріп кетсем бе деп,
Ішінде пасықтардың жүр есебі...
Өзінің мөлдірлігін шырақ қылып,
Бұл өмір - ағып жатқан бұлақ күліп.
Әлгіндей бетке шіркеу жаңқаларды ол,
Жағаға тастаса екен лақтырып!