14.07.2021
  132


Автор: Айтқали Нәріков‎

Тура келем

Тура келем, оңға-солға бұрылмай,
Әз әзілдің «қақпанына» ұрынбай.
Еске аламын бұлдыр бала кезімді,
Енесінен ерте айырған құлындай.
Өтті-кетті ол күндерден жоқ белгі,
(Тез солады қызғалдақтар көктемгі).
Сезінбедім әке алақан жылуын,
Қайтем енді - қатал тағдыр көп көрді.
Көңілдегі мұңды ақылмен аршыдым,
Жалғаны бұл айтқаным - бар шыным.
Көген түп боп қалған ұрпақ біз мына,
Көлгірсіген құрбыларға қарсымын!
Өмірімнің көбі кетіп, қалды азы,
Белгілі ғой, белгілі ғой аржағы.
Қымбатымнан қалып тұрмын көз жазып,
Қу тірліктің көлбеңдейді арзаны.
Caп, caп, көңілім, сабаңатүс, тежелгін,
(Бұл халімді сырт көздерден сезер кім?..)
Жылдар жүгі еңсемді езіп тұрса да,
Қара нардай қайыспаспын, төзермін!





Пікір жазу