14.07.2021
175
Таба нан
Қойғандай қызыл-жасыл нұрга малып,
Көрінер қызғалдақтар қырдағы анық.
Шығысты таң шырайы зерлегенде,
Ешкітау шыға келер тұлғаланып.
Қызуын үлестірген бар адамға,
Жомартты бұдан артық таба алам ба?
Ұқсайды көкжиектен көрінген Күн,
Ошақтан жаңа алынған таба нанға.