14.07.2021
  181


Автор: Айтқали Нәріков‎

Сыртым бүтін...

Сыртым бүтін, ішім түтін адаммын,
Қайтесіңдер бетін тырнап жарамның.
Менің шашым бір-ақ күнде ағарды,
Қайғысынан қыршын кеткен баламның.
Ешкімге айтпай жүрсемдағы мұңымды,
Білетіндер білді менің сырымды.
Көп адамдар жағдайымды түсініп,
Қолтығымнан демеу үшін бұрылды.
Қоймас тағдыр дегеніне көндірмей,
Қоймас өмір іштен арман өндірмей.
Сақта, құдай, енді қалған жалғызды,
Мен жүрейін өмір отын сөндірмей.





Пікір жазу