14.07.2021
  157


Автор: Айтқали Нәріков‎

Өзіңе

Жыр болып жүрегіме келіп кіріп,
Шығардың шырқау шыңға еліктіріп.
Қолыма пәк көңілмен ұстаттың-ау,
Тізгінін тағдырыңның сеніп тұрып.
Бұл өмір - көктеменің қысқа таңы,
Гүлдеймін жақсы деген шықса атағың.
Күн көзі түспей қалса, бүр жармаған,
Өзіңді бәйшешекке ұқсатамын.
Жыр арнап тұрам саған, қалқам, тынбай,
Бұл маған көп жүк артатындай.
Өлеңнің жолдарындай өрілген соң,
Өтерміз өмір бойы тарқатылмай.





Пікір жазу