14.07.2021
176
Ордада
Орда мені тұрады ылғи шақырып,
Ол ежелден өлең-жырға тақырып.
Ер Махамбет өтіп кетті өмірден,
Ойға алғаны орындалмай, «аһ» ұрып.
Үміт артты ол ұрпақтарға алдағы,
Ұран жыры қыран болып самғады.
Жаңа өмірде ақын баба әр үнін,
Жанекешев Бисен келіп жалғады.
Қызықпаған жеңіл менен дайынға,
Жандардан біз іздемейік айырма.
Жырдың көші кезегімен жетті ғой
Жайсаң ақын Жарокұлы Тайырға.
Орда есімнен шыққан емес екі елі,
(Талабыма дем берсе, сол жетеді).
Қасиетті топырағыңнан айналдым,
Ақындар мен Батырлардың мекені!