meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  14.07.2021
  283


Автор: Айтқали Нәріков‎

Қызғалдақ

Қыр мені қызықтырып шақырады,
Ол бірақ, қызғалдақсыз тақыр әлі.
Даланы күн құрғатпай кеземін дeп,
Ұлтаны бәтеңкемнің қақырады.

Әйтеуір, қызғалдаққа «ашықтым» да,
Кеудемді барам күнде ашып қырға.
Алатын көздің жауын қызғалдақтай,
Әлде мен бір сұлуға ғашықпын ба?





Пікір жазу