14.07.2021
  159


Автор: Айтқали Нәріков‎

Қолдай көрші жалғызды

Бұл тірліктің қарамай оң-солына,
Барды салам жалғыз ұлдың жолына.
Жасым болса, бара жатыр ұлғайып,
Бақыт құсы қашан қонар қолыма?..
Қандай адам болар екен келінім?
Сүйеніші бола алар ма ерінің.
О, жаратқан, жалбарынам өзіңе,
Кезіктірме кедейдің бір керігін.
Адаммын ғой айырар ақ-қараны,
Жоқ-жұқаның төмен тұрар назары.
Қаншама рет тартсаңдағы көн деген,
Сол баяғы қалыпына барады.
Дұрыс жүріп өтсін жастар жол басын,
Оларды тек аруақтар қолдасын.
Жалғыз ұлдың таңдап жүріп, тапқаны,
Қалталының бір шолжаңы болмасын.
О, жаратқан, қолдай көрші жалғызды,
(Қиналғаннан тағы ауызға алғыздың).
Ақылына көркі сайды кезіктір,
Көз алдыңнан өткізсең де бар қызды!





Пікір жазу