14.07.2021
155
Қатарымнан қалмаспын
Абай айтқан - қартайғанда мол қайғың,
Мен де өзімше толғанамын, толғаймын.
Сұңқар болып саңқылдауға шамам жоқ,
Үнім баяу, шырылындай торғайдың.
Сондадағы тілеп тұрам жарысты,
Aт жалында қолым талай қарысты.
Құшағыма сыйған емес кеңістік,
Көре алмадым көз жетпеген алысты.
Шіркін жылдар өтіп жатыр кезекпен,
Басты өкініш - жастық дәурен тез өткен.
Ұмтылыстан ұмтылысым көп болды,
Caп, caп, көңілім, ол жайлы енді сөз етпен.
Сезіліп тұр кәріліктің салқыны,
Басылып тұр асау ойлар қарқыны.
Бірақ. Бірақ. Қатарымнан қалмаспын,
Өмірі ұзақ өлең жазу арқылы.
қатарынан қалмау қарттық жастық Айтқали Нәріков Айтқали Нәріков өлеңдері Айтқали Нәріков шығармашылығы