14.07.2021
179

Көшеде
Көшеде көк мұз - тайғанақ,
Қолымда темір таяқ бар.
Көшеде көп қыз айқабақ,
Барады билеп аяқтар.
Аударды қыздар назарын,
Таяғым құрғыр тықылдап...
Жастық шақ - қайтпас базарым,
Өтіп тe кеткен сықылды-ақ.