14.07.2021
194
Көршілер жыры
Нұрнияз Мұқановқа
Көркем қала. Еңселі үй тұрағымыз,
Қатар маздар кеш болса шырағымыз.
Кірбің түспей келеді көңлімізге,
Бір шырқалып әрдайым жыр-әніміз.
Жатырқамай, жатсынбай, қуыстанбай,
He жетеді қалтқысыз ұтысқанға-ай.
Қолда барды санаспай бөлісеміз,
Бөлінбеген еншісі туыстардай.
Жандардаймыз табысқан тілеп келіп,
Арамызда сызат жоқ бір өкпелік.
Бұл татулық жалғасып ұрпақтарға,
Бір-біріне жүрсе екен тірек болып.