14.07.2021
  230


Автор: Айтқали Нәріков‎

Ізгілік нышаны

Іні өседі ағасына сүйеніп,
Көкірегінен күмбір-күмбір күй өніп.
Бірін-бірі қолдап-қорғап жүретін,
Аға-ініге басымызды иелік.
Балдың дәмін білмейсің ғой, жемесең,
(Бір тың теңеу таппадың ба деме сен).
Бір үлкен іс тындырғандай боламын,
Сүрінгенді қолтығынан демесем.





Пікір жазу