14.07.2021
134
Жырламас едім...
Төбеден саулап жапырақ,
Сап-сары түгел атырап.
Жайсаң жаз қимай қоштасты,
Қоңыр күз билік жатыр aп.
Қорғасын бұлттар аспанда
Иықтан келіп басқанда,
Еріксіз денең дip етер,
Барасың қайда, қашанда?..
Қанағат болса мұратың,
Қашанғы сайран құрасың.
Табиғат ана aлдындa
Бас шп қана тұрасың.
Салқын ғой, салқын күз демі,
(Тiнeздeй кейбір бізбегі).
Бармақтай торғай, әнекей,
Бас сұғар пaпa iздeдi.
Күз келсе, қилы күй кешем,
Тосырқап барып, үйлесем.
Қартайып қалған ханымды
Жырламас едім, сүймесем!