14.07.2021
  154


Автор: Айтқали Нәріков‎

Жасампаз

Бір-бірінен ұзай қалса үш қадам,
Сағыныш кеп жүректерін қыстаған.
Жалғыз қалып жабығудың жөні жоқ,
Ынтымақпен күшті Адам.
Жат қой оған қиын істен қашықтау,
Қаласа егер селді бөгер, қашап тay...
Байқап тұрсақ, Жер, Аспаннан басқасын,
Адам өзі жасапты-ау!





Пікір жазу