14.07.2021
  140


Автор: Айтқали Нәріков‎

Жарыс

Тіршілікте ұлы дүбір - жарыс бар,
Меже шіркін бірте-бірте алыстар.
Өмір бойы мақсатына жете алмай,
Өтіп жатыр пенделер мен арыстар.
Жас жеткіншек арман толы жүрегі,
Кеткендердің ізіменен жүреді.
Оны біраз жерге шейін апарар,
Өз ақылы, сосын мықты «тірегі» ...
Алғаннан соң буын бекіп, ержетіп,
Екі жаңтан сүйрейді оны өрге тік.
Жетер жерін бағдарлайды, байқайды,
Ал сынауға келген кезде ел жетік.
Биік пе, әлде, аласа ма өресі,
Құтылмайды ол тағдырынан көресі.
Тындырғаны татымды, әлде, татымсыз,
Шын бағасын береді ұрпақ келесі!





Пікір жазу