14.07.2021
  157


Автор: Айтқали Нәріков‎

Жазмыш

Басыма үйіп-төгіп нала-мұңды,
Тұқырта берді тағдыр талабымды.
Жүрсе де көңілімнің күйі келмей,
Қайтадан алдым қолға қаламымды.
Ерте-кеш жер қойнына кірер денең,
Сілтесе ажал құрық - жібермеген.
Жүрекке жазылмайтын жара салып,
Мерт болды сүйікті ұлым Жігер деген.
Ойымның сарқылгандай алтын кені,
(Күйрек деп кінәламас халқым мені).
Мұз етіп өн-бойымды жібергендей,
Жазмыштың шарпып өткен салқын лебі.
Жанымды жалын жалап, төмендедім,
(Қай теңім еді мына өлең менің).
Думан боп төңірегім жатсадағы,
Қызыққа, қуанышқа бөленбедім.
He үміт артам келер күндеріме,
Тұр екен нелер күтіп ілгеріде...
Дәуренім келін әкеп, қуантса екен,
Осылай қайғы арқалал жүргенімде.





Пікір жазу