14.07.2021
348
Егіздер
Текті ғана тартып туар негізге,
Жұбан-Жайық! Ұқсатам мен егізге.
Жұбан жырын санамызға сіңірсек,
Жайық барып құйып жатыр теңізге.
Орал таудан басын алса Жайығым,
Жұбан ақын өрге салды қайығын.
Жұбан-Жайық! Кіндігі бір алыптар,
Алып деген екеуіне сай ұғым!
Шымырлайды ұлы арнаның айдыны,
Секілденіп дауылпаз жыр айбыны.
Жұбанынан, сыңарынан айрылып,
Жайық көптен, Жайық көптен қайғылы.
Жайық суы аға берер мәңгілік,
Елдің шөлін, жердің шөлін қандырып.
Жұбан жыры болашаққа барады,
Жүректерде намыс отын жандырып!
егіз Жайық Жұбан ақын Айтқали Нәріков Айтқали Нәріков шығармашылығы Айтқали Нәріков өлеңдері Егіздер