14.07.2021
  146


Автор: Айтқали Нәріков‎

Алматы қайыңдары

Сымбатына тұра алмайсың сұқтанбай,
Сол көркімен көп нәрсені ұтқандай.
Өңшең ару сыбыр-сыбыр сыр айтып,
Тауға қарай серуендеуге шыққандай.
Келеді олар қанатында шат күйдің,
Бірге ілесіп кетуге мен шақ тұрмын.
Ақ қайыңдар көлбей конған көлге кеп,
Көгілдірі дерсің бейне аққудың.





Пікір жазу