14.07.2021
146
Аға сыры
Бозбала інім, аға сырын ал тыңдап,
Мен де жүргем саясында салқын бақ.
Жүректегі жалын күшін ұқтырды-ау,
Жігіттіктің ақ семсері жарқылдап.
Дымқыл иіс шыққан кезде құрақтан,
Aт суара барушы едім бұлаққа.
Тұлабойым бір ду eтe қалатын,
Таныс күлкі шалынғанда құлаққа.
Жүруші едім биік ұстап еңсені,
Аяқты да басушы едім теңселіп.
Көрген түстей, тым баянсыз қылғанша,
Жастық шақты ұзағырақ берсе еді.
Елітпей жүр бұрынғыдай таң нұры,
Содан шығар сергек көңілім қалғыды.
Тойым менің тарқамастай көруші ем,
Өтіп кетті, өтіп кетті барлығы...