14.07.2021
  199


Автор: Айтқали Нәріков‎

Ағама

Қос жүрек бір-біріне табынысты,
Мен мұнда, сен ауылда - сағыныстық.
Алыстан аңсап, шаршап келгенімде,
Алдымнан күліп шыққан шағың ыстық.
О бастан өмір менен өлім егіз,
Жетсе ажал, жеке-жеке көмілеміз.
Десек тe «бір тумақ бар, бір жүрмек жоқ»,
Тірлікте қалайша екі бөлінеміз?..
Басында қар жатқанын сүйеді шың,
(Жалғанда жалқы болсаң, күйеді ішің).
Өзіммен өмір бойы жүрші бірге,
О, менің асқар таудай сүйенішм!





Пікір жазу