14.07.2021
  126


Автор: Айтқали Нәріков‎

Аға аузынан

Аязға қызылшұнақ қарамай-ақ,
Кезінде жүрдік біздер жалаңаяқ.
Жүдеу өң, жүзі сынық бала көрсем,
Бұл күні шын көңілмен қалам аяп.
Қоңсы боп қона алмаймын өктемдікпен,
Іздеймін орнымды мен тек теңдіктен.
Ешкімге әлсіздерді қорлатпаймын,
Барлығы өз басымнан өткендіктен.
Жүрегім ақ арайға ұқсады да,
Кернелді көкірегім күш-ағынға.
Әлемнің бар ақ ниет адамдары,
Сыйып-ақ кететіндей құшағыма!





Пікір жазу