13.07.2021
183
Бұл тірлікте
Бұл тірлікте басу үшін алға нық,
Жүру керек оң-солыңды қарманып.
Сын көзімен қарамасаң ортақа,
Сан соғарсың, талай-талай алданып.
Адастырып ізін басар тұяқты,
Біреулер жүр жиып қойып ұятты.
Іріліктен үміті бар жігіттер,
Ұсақталып бара жатқан сияқты.
Жөні түзу бір іс істеп көрмеген,
Осы күні өлермендер өрлеген.
Өзін-өзі көрсетуге келгенде,
Мұндай жандар жұрттық алдын бермеген.
Тек шындықтан тұрмағанмен жер үсті,
Оң деп қалай айта аламыз терісті.
Отырмасақ қара қылды қақ жарып,
Өміріміз болмақ емес өрісті.