13.07.2021
  144


Автор: Айтқали Нәріков‎

Бір сәттік ой

Арманым, неге мұнша алыстадың,
Жат болып бара жатыр таныс бағым.
Көңілің әлде менен қалып жүр ме,
Тұғыр боп, тұлпар болмай жарысқаның.
Мақсатым алға қойған аласама,
(Аласа биікпенен таласа алмас).
Қоңырлау мінезім бар, мен өзімді
Ешкімнен жүрген жоқпын дара санап.
Өмірде ғұлама бар, надандар бар,
Қыран бар, көкте және жаман қарға.
Дүниеден өтемін бе қызығумен,
Арманы биік-биік адамдарға.





Пікір жазу