13.07.2021
  183


Автор: Айтқали Нәріков‎

Бір құрбыға

Қалды ма елде «жүрегің»,
Әйтеуір, құрбым, жүдедің.
Ойларға ауыр батасың,
Көз ілмей ұзақ жатасың.
Мұң шалды нендей өңіңді?
Көзіңнен моншақ төгілді.
Бір қалың орман сияқты ой,
Адасып жүрсең, ұят қой!





Пікір жазу