13.07.2021
  184


Автор: Айтқали Нәріков‎

Әнші Жұмағаным Рахимова

Қазақтың бұлбұл қызы Күләш еді,
Күләштің бұлбұлдығы рас еді.
Жайықтың жағасында сайрасын деп,
Аманат еткен шығар, сірә, сені.
Әрқашан өрісі кеп өнерлінің,
Халқының көңілінің терер гүлін.
Жарқ етіп, сахнаға шыға келші,
Шабытқа шабыт қоссын келер күнің.
Жол тартып Тасқаладан астанаға,
Көріндің қатарықнан жаста дара.
Сан алуан саңлақтарды мойындатып,
Оралдың туған жерге - бастамаға.
Біреулер мақтап жатыр ұнағанын,
Қолпаштық тауып жатыр мық амалын.
Ал сенің өнердегі орның бөлек,
Ешқашан сарқылмасын бұлақ-ән.
Жалындап тұр ғой, қалқам, жаның әлі,
(Биіктер ойыңдағы алынады...)
Өзіңді қаумалаған халық, қауым,
Талай жыл талантыңа табынады.
Бойыңда пенделіктен дарын басым,
Басыңнан бұл бақытың арылмасын.
Күн сайын көзайым боп жүре берші,
Жез таңдай, күміс көмей қарындасым!





Пікір жазу