13.07.2021
  234


Ақмолла Мұхамедиярұлы‎

Ең әуелі тазалау керек іштің кірін

Ең әуелі тазалау керек іштің кірін,
Іште толып жатпасын сасық ірің.
О, дариға, іш тазарсын, іш тазарсын,
Болмаса пайда бермес құры білім.

Би болмас - белді жалпақ буғанменен,
Тазармас - түбі нәжіс - жуғанменен,
Кей заман көзін жұмып, құр мүлгиді,
Сопылық табылмас - көз жұмғанменен.

Кімнің зауқы болмаса - білімі жоқ,
Кімде білім болмаса - ғылымы жоқ,
Кімде ұждан болмаса - сүйгені жоқ,
Кімде сүйген болмаса - иманы жоқ.





Пікір жазу