13.07.2021
  198


Айсұлу Рүстемова‎

Түннің көзі

Қала оттары әлдене деп жымыңдап,
Шегінеді терезеге үңілсем.
Жерге жұлдыз құлағандай -жыпырлап,
Түнді үнсіз бақылаймын -түңілсем.
Көріп тұрмын түннің көзін лағылдай,
Ізі жатыр-жеңіл басып кеткенмен.
Жанұшырып келгенінде жаңылмай,
Жақ аша алмай, күрсінумен шектелгем.
Жолаушысы жоқ көшеге құлақ түр.
Талдар мені түсінгендей - күлді үнсіз.
Шеткерірек өскен шетен сұрап тұр:
«Неге сондай мазасызсыз бүгін сіз?..»





Пікір жазу