13.07.2021
  212


Айсұлу Рүстемова‎

Туған жер

«...Жүсіпбек Аймауытовтың баласы - Бектұр Аймауытов қайтыс болды. Ол осыдан екі жыл бұрын Кемероводан елге жалғыз оралған...«Алматы ақшамы» газетінен

... Түнде түстен шықпадың, күндіз естен.
Жанымның күйігі едің.
Сенде туып, қуанып, мұңды кешкем,
Сен үшін сүйінемін.
Сен мен үшін Ана едің, Әкем едің.
Сонан да сағынамын.
Тоқсандағы сүйекті әкелемін,
Топырақ табынарым.
Өмір бойы таппаған байызым бұл,
Тыншыған сияқтымын.
Қатыгездіктің қанбаған айызын біл,
Ұлықтар ұятты кім?..
Бар едім сонау қағаз дерегіңде,
Еске алмай ақты өзендер.
Топырағыңнан қайтадан өнемін бе,
Көрем деп бақ кезеңді?
Жатсам болды армансыз қыр төсінде,
Басқан ізі дер Жүкеңнің.
Аймауытов - жұрты есінде,
Ақырын солай күтермін.
Жетпіс алты жыл... жаныма не жасырды?
Менімен кетті... жұмбақ.
Көре алмаған көздерім көп асылды,
Жатайын қырды тыңдап.





Пікір жазу