13.07.2021
  176


Айсұлу Рүстемова‎

Толған ай

Не айтқың келеді толған Ай?
Осы бір жорамал болмағай.
Қолымды созып ем көкке мен
Қойды көк қолдамай.
Бір ойдан бір ойға тұсалам,
Қапалы жанға бір ұсаған.
Құс болып кетсем деп армандап,
Төге ме көңілі құсалы ән?
Ай, Жерің бабымен қозғалар.
Тыныш па соған қол созбаған.
Көңілге бір тыным бермейді
Жүректе жанатын маздақ ән.





Пікір жазу