13.07.2021
  236


Айсұлу Рүстемова‎

Тас емшегін идірген Алматының...

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке

Жап-жаңа үй!
Есігінен аттаса мұң қаша ма?
Таусылмайтын ән сынды тыңдаса да,
Тас емшегін идірген Алматының
Ай маңдайы жарқырап Имаш аға.
Мұндай үйде ақынды мұң баса ма?
Жеті қат көк жақындап, ымдаса да.
Шындық бүгін салтанат құрды деймін,
Шыққан мынау төбені шыңға сана.
Ертегі ме, бұл қиян, қиялдай ақ.
Төрімізде бақыт -нұр тұр аялдап.
Алматыда жүрмін деп айта аламын,
Ақынмын деп айтамын ұялмай-ақ.
Әлдекімдер күлкіңді ұрласа да,
Көре алмайтын күң менен құлға сана!
Алтын зерлі шапан бұл қарындастан
Тумысынан асылым, Имаш аға!
Жап-жаңа үй!
Есігінен аттаса мұң қаша ма?
Таусылмайтын ән сынды тыңдаса да,
Тас емшегін идірген Алматының
Ай маңдайы жарқырап, Имаш аға.





Пікір жазу