13.07.2021
  153


Айсұлу Рүстемова‎

Суық - суық деп жүрдің де

Бақта солып қалды ма алма?
Жапырақтар, қалтырама.
Сап-сап деймін, бұла көңілім,
Басы, әлі салқыны алда.
Жұлым-жұлым жұтап талың,
Сығалайды бұтақта Күн.
Суық-суық деп жүрдің де,
Жаным соған ұсап қалдың.
Не бар еді сордан қалың,
Күле алмасаң-зорланбағын.
Үзік-үзік үміт өлді,
Үсігені - ай соңғы алманың...





Пікір жазу