13.07.2021
  151


Айсұлу Рүстемова‎

Серт

Сарғайып кешсем сан күйді -
Сағыныш өрті ол шарпыған.
Кездесу деген бақыт бар,
Сабылысы бар артынан.
Бозарып кейде жүремін,
Боз дала сендей құбылам!
Табам ба талмай бір емін,
Жығылсам нардан жығылам!
Қызарып кейде қаламын,
Бетіме түсіп өртің не!
Құбылсаң құбыл, дүние,
Тұрайын мен-ақ сертімде!





Пікір жазу