13.07.2021
  157


Айсұлу Рүстемова‎

Сен мәңгі тірісің

Үн-түнсіз көтеріп өткенді-кеткенді,
Бағзыдан бүгінге ол жеткен-ді.
Көз алдым тұнады мың елес,
Батырлар- Ақтонды, Көктонды.
Сұрапыл күнде сол көк төнді.
Жастыққа зар заман дөп келді.
Жау қарап тұрғандай төбеден
Шоласың өңірді, Көктонды.
...Азапты сан күйді шекпе енді.
Атасы, баласы текке өлді.
«Батырлар бейіті» дейді ел,
Сен мәңгі тірісің, Ақтонды, Көктонды!





Пікір жазу