13.07.2021
  178


Айсұлу Рүстемова‎

Сенің қара көздерің көп қадалып

Сенің қара көздерің көп қадалып
Жаулап алды сезімді. Неғыламын?
Шоққа шоқты салды ма оттан алып?
Өмір, қандай көп еді, о, ылаңың!
Сенің қара көздерің жанды ұғады.
Бірін-бірі іздеген табады анық.
Жамандар бар-көңілді қалдырады,
Жан тілегім - қалмашы жараланып.
Сенің қара көздерің көпке ұнады.
Көруі де өзге бұл дүнияны.
Жаман ойлар жаманға соқтырады,
Күліп жүрсең - күллі әлем жымияды.





Пікір жазу