13.07.2021
208
Өңменімнен итерді өмір мені
Өңменімнен итерді өмір мені.
Өтіп сен де барасың бұла дәурен.
Сіздікі де жай ғана көңіл ма еді?
Жапырағың жалғанбас жылағанмен.
Назым, сенің білгенмін өтпесіңді.
Жазу еді ол мына сор маңдайдағы.
Жеткізем деп қайтемін-жетпесің тұр.
Уыты бар сол удың таңдайда әлі.
Күлкім, сені күледі өзге біреу!
Күмбезді де көрмеуге көндігемін.
Күнә болар дәл мені төзбеді деу,
Армандайтын не қалды енді дедім.
Аспан! Сені бекерге тілдемедім.
Ар жағыңда не барын көрген емен.
Жарасам деп қажетке жүрген едім,
Су қадірін біле ме шөлдемеген?..